«Кәсіпкерлерге қайтарылатын қарыз 2022-2023 жылдарға арналған бағаны тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін беріліп отыр. Қазір өңірде тұрақтандыру қоры арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 18 түрі шекті және шекті рұқсат етілген бөлшек саудадағы бағадан аспайтын, сондай-ақ нарықтық құнынан орташа алғанда 21%-ға төмен бағамен сатылып жатыр. Тұрақтандыру қорына 3 041,4 тонна азық-түлік тауарлары, оның ішінде 1 953 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Бұл облыс тұтынушыларын 2023 жылдың мамыр айына дейін қамтамасыз етуге жетеді. Картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат сияқты ауыл шаруашылығы өнімдері қаланың 4 базары мен 4 сауда павильонында сатылады. Картоп «Ярмарка» супермаркетінің 11 сауда желісінде сатылымға қойылды», -дейді Дмитрий Дю.
Оның мәліметіне сүйенсек, ауыл шаруашылығы тауарлары нарықтағы бағасынан орташа 42%-ға төмен бағамен сатылымға шығарылған. Ал, 481,9 тонна көлеміндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының 14 түрі «Лидер» және «Идеал» супермаркеттерінің 38 нүктесінде тұтынушыға ұсынылған.
«Өңірде бірінші сұрыпты ұн, одан дайындалатын нан бағасын тұрақтандыру үшін ұн тарту кәсіпорнымен келісімшарт жасалды. Наубайханаларға 4 005 тонна ұн сатылды. Ал, қорда 606,5 тоннаны құрайды. Нанның бағасы 1 бөлке үшін 80-82 теңгені құрайды. Қант тапшылығына жол бермеу мәселесі қолға алынды. Осы мақсатта өңірге 400 тонна қант жеткізілді. Бұл өнімдер «Идеал» және «Лидер» супермаркеттерінің 39 нүктесінде нарық бағасынан 13%-ға төмен сатылады», -деп мәлім етті Дмитрий Дю.
Тұрақтандыру қорындағы ауыл шаруашылығы тауарларының көлемін 5 мың тоннаға дейін ұлғайту, аудандарды қамту шеңберінде кәсіпкерлермен қарыз беру шарттарын жасасу жоспарланып отыр.